Қ- Қа

 
Жұбатты мені махаббат,
Жүрген шағымда егіле.
Кінәлаған жоқ бірақ,
Сүйе алмай кеткен мені де,
Сүйдіре алмаған сені де.
Жұматайша айтсам:
О, Ләйла,
Сең болып соққан сезім ең.
Кеудеме симас сыр болдың,
айтылмас адам сөзімен.
Қиялда сенімен сөйлестім,
(Мәжнүндіктің әлегі).
Бұл жара маған енді ескі,
Ескілігімен әдемі.
Жұматайша айтсам:
О, Ләйлә,
Нәркес көз, нұрлы бейнеңді,
Ұқсатам әлі арайлы
Аяқталмаған сөйлемге.
Сол сезімдерді балалық,
Жоғалтқан шығар мәңгіге.
Жоғалған жылдан нәр алып,
Бітпеді біздің әңгіме.
Сол сезімдерді, сол ойды,
Әлсін-әлі айтам паң күліп.
Жұматайша айтсам: О, Ләйлә…
Жұмекенше айтсам: «жаңғырық»!
 
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *