Құстар қайтты топ-топ боп, тоқтасын ба

Құстар қайтты топ-топ боп, тоқтасын ба,
Бау тағарға бірі де жоқ қасымда.
Көкке қарап қанатсыз пенде қалды,
Ақыраптың ақырғы аптасында.
Қалдым солай, қасында қалғандардың,
Қала-қала қатыгез болғандардың.
Қатал болып кетермін мен де бір күн,
Ақырына жеткенде армандаудың.
Ай, азабым ішімде, айтам ба әр күн,
Көктем келмей құстарды қайтарған кім!?
Қарашы енді бойымның тоңазуын,
Алматыға бір барып қайтам, бәлкім…
Тоңазу ма, шымырлап тараған мұң,
Жоғалған іздеріндей жағалаудың?..
…Тек ұшақпен ұшпаймын, қарай алман,
Көздеріне төменнен қарағанның.
 
 
 

Ерлан ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *