Қолдарым – ибалы келіндей
Ұсынған кесені батырмай бармағын,
Мөп-мөлдір аңсар мен ынтаны ұсына
Сипаймын кітапты:әр сөздің демі мен
сезінем лүпілін,жүректің ұшына
шымырлап тұнуын дәуірдің еріген.
Балқиды дәуірлер ойларда ып-ыстық
Ішінде жалғыздың тұрған топ шетінде!
Даналық –
Үнсіздік, тыныштық,
Шыңғырар тек кітап бетінде!
Мұнда да шалдар көп пыстырған жатып
іш
Менімен ойнайды:
«Осынша ақымақ, осынша нақұрыс –
Бұл бала біздерге қосылмай қоймайды!»
О,сосын қарайды кемсеңмен ұғардай
тәккаппар ойлардан.
Ешкімді үңгірден суырып шыға алмай
өздері үңгірге айналған,
Шалдар-ай, сүйемін сендерді
Сезіммен ешкімді сүймеген.
Сендерден үйренсе-ау өлмеуді,
өлуді өзім-ақ үйренем!
Құрдастар көп емес, —
Көкем ой, шеше мұң,
Бәрінде тәңірдің демі бар!
Менде әлі тірі жүр
Мағжан мен Есенин,
ЕРЛАН ЖҮНІС