Тұманды іңір жыры

Тұманды іңір жыры –
Күмәнді ойдың меңі.
Өмірде бәрі тірі –
Көңілде бәрі өлі.
Сұр үйлер – үйілер, үйілер,
Сұр көше – көше, көше…
Жан бүгін жалғыз билер
Естіген күйге кеше.
Ешкімге сенгім келмей,
Ешкіммен күлгім келмей,
Ешкімді көргім келмей,
Ештеңе білгім келмей,
Еш әнге салғым келмей,
Ешкім де болғым келмей,
Ешқайда барғым келмей,
Ешқайда қалғым келмей,
Лә-лә-лә, келем, лә-лә,
Тұманға сіңіп кетем.
Өзім де, өзге де, қала –
Мен жайлы ән емес екен!
 
Қала – тарих соңы –
Бабыл мұнарасы…
…Данышпандық меңі –
Ақымақтың басы…
Ұмытылған аңыз –
Бізді туған дала.
 
 
 

Ерлан ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *