Оқылса өлең уақыттың атынан

Оқылса өлең уақыттың атынан,
Ар жаралса сол өлеңнің затынан,
Аралап кеп сезім мұражайларын,
Ойдың кітапханасында отырам.
Биік-биік армандардың тұсынан,
Үнсіз ғана үміт құсын ұшырам.
Мен жердегі жұлдыз болып алар ем,
Аспандағы жұлдыздардан қысылам.
Көктемінде ең бір асыл мұраттың,
Бақ үшін бе, сор үшін бе… бүр аттым,
Қап-қараңғы ғасырлардың ұстазы,
Өзін көру үшін жаққан шырақпын!..
 
 
 

Ерлан ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *