Мен сені аяп отырмын, сен мені аяп

Мен сені аяп отырмын, сен мені аяп,
Аярлықсыз осылай кім аясын.
Кісі көңілі көктемге сенеді екен,
Сол сенімдер боп еді неге бөтен?
Бізді айырған бір кезгі жегі сөздер,
Үнсіздікте осылай өледі екен.
Үндемеші. Осылай наз айтылар.
Қайбір сұрақ көңілді қажай тұрар.
Үндемеймін. Іште сөз жанып-сөніп,
Бізге бүгін керегі өзі айтылар.
Өткен өмір – ұмтылған түстей ғана,
Енді бізге ешкім де түспейді ара.
…Өтіп кетер ме екенбіз бұл өмірден,
Күбірлесіп екеуміз іштей ғана.
 
 
 

Ерлан ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *