Көшеден күліп кездескен қарғам,
Не дейін саған, не дейін.
Жиырма бестегі ерлігім болсын,
Жүрегімді алып берейін.
Жүрегім берем, өтеуі болсын,
Ән салып берші түнімен.
Тірліктен шаршап оралдым бүгін,
Келгендей тамұқ түбінен.
Жүрегім берем, өлеңге орап,
Жай ғана сыйлық емес бұл.
Енді қайтейін, шаһар сыйлайтын,
Ғафиздей жомарт емеспін.
Өлеңнен өзге бере алман саған,
Орны жоқ бұған өкпенің.
Саған сыйлауға бір шаһар тұр ғой,
Жарты лашығым жоқ менің.
Десе де, баймын, кең далам бар ғой,
Гүлін берейін тауымның.
Жарлы ақындардың жарты байлығы –
Лебізі сендей арудың.
Серік Әбілмәжін