Мен үшін азапты бұл түнді өткеру,
Жан тағы жаурағыш келеді күзде тым…
Шошыну,
Сағыну,
Жек көру…
О, нені үйретті бізге түн?!
О, нені үйретер ол тағы,
Қара түн – күнәсі әлемнің!…
Сұрайды,
Жылайды,
Қорқады…
Мен оған не дермін?!
Сұлулық – сұлбасы күнәнің,
Қорқыныш – оң жақта отырған кәрі қыз…
Қорықтым,
Сұрадым,
Жыладым…
Жылауды үйретті сары күз!
Ой сары,
Жан сары,
Мұң сары,
Секпілді сары қыз-дүние, күлме сен!
Жырлауды білмесем бір сәрі,
Бір сәрі жылауды білмесең!
Дірдегі бойды алып күнәлі әлемнің,
Қалшылдап отырам.
Кіжінем,
Күлермін,
ЕРЛАН ЖҮНІС