Менің мұңлы ойларымның ішінде:
әлем, тағы өлең асқақ пішінде.
Сыртында оның өмір мәңгі ұйқыда,
Өмір… мені көріп жатыр түсінде.
Аласұрып, байыз таппай әлемде,
Айналамын өлеңге.
Мендік ғұмыр – сүю жайлы жасыл түс,
Өлген тілде жорып қойған әуелде.
Сұп-суық тер маңдайында ғұмырдың,
Түңілдім.
… Өмір мені көріп жатыр түсінде,
Ал мен оның өңіне қарай жүгірдім,
Сосын, шошып… өзіме қарай жүгірдім…
Оянуға асықпаңдар, адамдар!
Ерлан ЖҮНІС