ДУАЛОГТАР

– Теңіздің астындағы ағыс.
– Бұл кім?
– Тұтқынмын еркіндіктегі…
– Бұл кім?
– Есігін таппаған қағыс!
– Бұл кім?
– Бұл кім?!
– Мені ертең оятпа, досым.
– Ұйықтасын дейсің бе әлем?
– Тағы да сол үшін кешір…
– Кешпейді Өлең!
– Бізсіз де орнында бәрі…
– Ағартпа жүректің шашын!
– Ұйқыда Әлемнің Жаны!
– Оята алмай ма Ғасыр?!
– Ол үшін Мыңжылдық қажет.
– Пайғамбар күтерсің, бәлкім?..
– Бір Ғұмыр – бір ғана мезет.
– Қорлама Мезеттер Даңқын!
– Бір ғана мезетте не тұр?
– Мезеттер – мыңжылдық Жаны!
– Бір емес сақал мен кекіл.
– Сол Кекіл – сақалдың Мәні!
– Бір ояу қалқыды Ой көкте…
– Жанған ой! Жанған ой, сөнбе!
– Өзгеріс рухы – бір Сәтте!
– Сол сәттің белгісі – Сенде!
– Сүйемін түнгі ақ Мұңды!
– Аппақ мұң – жүректің Гүлі.
– Сүйемін Ұйқысыз Түнді!
– Ұйқысыз түндердің ұлы!
 
 
 

Ерлан ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *