ДУАЛОГТАР

– Бұл кім?
– Адасқан сәлеммін бейуақ…
– Бұл кім?
– Жоғалған соқпақпын кенет…
– Бұл кім?
– Босаған көңілмін кейуақ…
– Бұл кім?
– Азанғы азына жел ек.
– Бұл кім?
– Ғайыптан оралған жолшы!
– Бұл кім?
– Сен ести қоймаған есім!
– Бұл кім?
– Бұл сенің ертеңгі көршің…
– Бұл кім?
– О,бәлкім ертеңгі досың.
– Бұл кім?
– Қашқынмын — өзінен қашқан…
– Бұл кім?
– Бұл дала көп күткен ұлмын!
– Бұл кім?
– Жазыла қоймаған дастан.
– Бұл кім?
– Жаттала қоймаған Жырмын.
– Бұл кім?
– Ентіккен жігіттің демі.
– Бұл кім?
 
 
 

Ерлан ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *