Бұл қалған арман соңғы арман,
Жорығы бітпей жол қалған.
Жетім мұң жеген жүректе,
Желегін жапқан сор қалған.
Сезе алсаң мұны уайым,
Серіксіз жүрмін, Гүлайым.
Сергелдең жанға сен керек,
Сертіме сенші, Құдайым.
Еріксіз өртеп өлеңді,
Толқынға беріп кемемді.
Жанымды мұңға толтырып,
Жоқ болып кетем мен енді.
Серікбай Әбілмәжін