Бақыттан кейде жылаймын

Бақыттан кейде жылаймын,
Бақыт та у ғой аштырақ.
Мазасын алдым Құдайдың
Мағынасыздау бақ сұрап.
Бақыттан кейде күлемін,
Бақытқа бәрі балама.
Күдік ап күпті жүрегің,
Күрсініп бір сәт қалады ә!
Бақыттан кейде мастанам,
Шарап қой ол бір, шалқып іш.
Алдыңнан есік ашпаған
Ессіздеу күнге тартылыс…
 
Серікбай Әбілмәжін
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *