АҚЫН. ЖАР

 
Мен армандап жүргенім,
Сандалу мен сағым ғой.
Сен армандап жүргенің
Мендегі асқақ арын ғой.
Мен бақыт деп жүргенім,
Өлең еді, жыр еді.
Сен бақыт деп жүргенің,
Жас ақынның жүрегі.
Мен жетсем деп жүргенім,
Өкіншсіз өлім ғой.
Сен жетсем деп жүргенің,
От жағатын жерің ғой.
Менің сүйіп жүргенім,
Қиялдағы мүсін де.
Сенің сүйіп жүргенің,
Алдамшылау түсің бе?!
Мен ақын деп аталған,
Сені жылтпас жылулық.
Сен ана деп аталар,
Әйелдегі сұлулық.
 
Серікбай Әбілмәжін
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *