АРЫЛУ

 
Бір сұмдық бар кеудемде жасырынған,
Толып кеткен жүрек мұң, басым уға.
Жар да емессің, жат та емес, қарындас та,
Дос та емессің сен маған, ғашығым да.
Әйтеу мені қинайсың, күйретесің,
Түсіресің бір ғажап күйге тосын.
Шанағынан шашалып шықпай жүрген,
Жүрегімді тербетер күйме екенсің.
Саған айтқым келеді әлденені,
Өзім білмес бір сезім әуреледі.
Сонау күнгі арманым жырға айналып,
Музам болып қалып па ең әлде менің?!
Сырың тұр ғой, нұрыңды шашпа мұнда,
Жетер енді, мұрсат бер басқа мұңға.
Ақшыл бетің ағарып, айға айналып,
Тұрып алдың елес боп аспанымда
 
Серікбай Әбілмәжін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *