АЛДАУ

 
Ештеңе айтқам жоқ,
ештеңе күткем жоқ бүгіннен!
Сезімім жылаған, төзімім үгілген.
Мына бір Арқаның жаңбыры жаздағы,
барлығын қозғады…
Кешені, бүгінді, ертеңді…
Әр тамшы жаңбырың – жүрекке тамған жас,
сезімім сімірген…
Гүлдеген үмітті үсітті гулеген өсектер,
мөп-мөлдір мұңымды жасытты
кірлеген төсектер.
Сезімді ұшықтап, көзімді бұладым,
алдауға түсіп қап, арманнан құладым.
жыладым, жыладым.
Е, қойшы, үйреншікті өмір бұл,
күн түссе көгерер көңіл – гүл.
Мұратқа жетесің шыда деп,
ертегі емізіп сенім жүр.
 
Серікбай Әбілмәжін
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *