Сыр ашады жанарларын қадап Ай,
Жұлдыз-ғұмыр күлімдеп.
Сарғайтады сағыныштың азабы-ай,
Жүрегімді тілімдеп.
Жанды қинар сезім оты сергелдең,
Жан қалауы – шапағат.
Ыстық жүрек ынтық етер көргеннен,
Ұлы сезім – Махаббат.
Қоштаса алмай, қоңыр кештер батырған,
Таусылмайтын сырларым.
Айналайын, айтылмайтын атыңнан,
Сені қалқам, қимаймын…
Ербол Бейілхан