Дерек аз
Үшіншіден бізге жеткен.
Құр сөзді қуып қайтем тізбелеткен.
Қызы екен Орта жүздің бір байының,
Соғымы қыста сойған күзге жеткен.
Шын күліп,
Шын қуанып,
Шын еркелеп,
Өтпелі өмір деген бірер күн деп…
Жалт етіп, сөніп қалған от-жалындай,
Айсұлу кетіп қалған тым ертерек.
Кім білген,
Жар қадірін кім білмеген?!
Күн қайда көңіл шоғын күнде үрлеген.
Бұл күнде ізі де жоқ, түзі де жоқ,
Байғұстан бала қалып үлгермеген
СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ