Халық (немесе этнос) – бір-бірімен тіл, мәдениет, өмір сүру
аумағы, діні, ортақ тарихы арқылы біріккен адамдардың үлкен
тобы. Халықтың маңызды белгілерінің бірі – ортақ тіл. Әлемде
бір тілде сөйлейтін әр түрлі халықтар болғандықтан, мұның өзі
де жалғыз шарты емес. Мысалы, шотландықтар, ирландықтар
және валлдықтар түгелдей ағылшын тілін қабылдағанымен,
өздерін ешқашан ағылшын санаған емес. «Халық» сөзі көп
жағдайда «ұлт» деген мағынада да қолданылады. Ұлт – халық
дамуындағы белгілі бір баспалдақ, кезең. Бұл кезде халық өзінің
жеке мемлекетін құрады. Іс жүзінде, француздар халық, этнос
және ұлт болып табылады. Бірақ, ұлттық қауым пен этностық
қауымның көзге көрінетін айырмашылығы – ұлт құрамына түрлі
этникалық қауымға жататын адамдар кіріккенде байқалады.
Қазіргі кезде француздарды, бретондықтарды, корсикандықтар
мен эльзаслотарингтерді өздері отаны санайтын бір мемлекетке тәуелділік біріктіреді. Нәтижесінде, олардың бәрі өз араларында сақталған этникалық өзгешеліктерге қарамастан, ортақ
француз халқын құрайды.