Соған мәз төреңізде, қараңыз да

Соған мәз төреңізде, қараңыз да,
Айналып айтқан сөздің бәрі аңызға.
Серт еткен Ақ патшаға көрінуге,
Секілді түк болмаған арамызда.
Қалпымен өмір сүріп, жамау-жыртық,
Шендіні шетке шыққан тергеп, тінтіп.
Жолданған Ақ патшаға арыз-халді,
Жеткізбей жоғалтады жолдан құртып.
Әйтсе де, елдің іші – ырың-жырың,
Бірі жоқ әдет-ғұрып бұрынғының.
Қол бастап шығып еді –Исатай Ер,
Жол бастап кеткен жоқ па Сырым бұрын.
Сол жолдың ізі қайта шиырланып,
Қияннан, басын қосып қиырдан жұрт,
Дегендей харакетке кіріскендей
Қапыда қалмайық деп биыл да аңғырт.
Бұл бір жай қазаққа да, татарға анық.
Ел шеті бірте-бірте отарланып.
Қар жауып қабағынан
Қара халық,
Қалың ел бара жатыр қаһарланып.
Болмай тұр кедейге де,
Байға рахат,
Төреге одан кейін қайбір атақ.
Дөңбекшіп,
Дауыл – халық
Тулағанда –
Жәңгір де жата алмады жайбарақат.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *