Сенің демің…

 
Жұпар аңқып айналам,
Көкке ұшты, сетерлі ой.
Қазығына байлаған,
Сенің ауаң екен ғой!
Қуанышым көздегі,
Сағынышым мұңдағы…
Тіл жетпесім сөздегі,
Ашылмасым сырдағы…
Көңіл аппақ шағала,
Аспан түпсіз жеткен бе?
Жете алмасам бағаңа,
Жетім көңіл кектен бе?!
Өрнек салған ой шебер,
…Алдамшы бұл бақыт та.
Секундтармен өлшенер,
Бағынайық уақытқа!
Нәрестедей жүрегім,
Тәтті сезім аршыған.
Мына әлемді сүйемін,
Сенің демің аңқыған.
 
Ербол Бейілхан
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *