Орыс халқы

Орыс халқы ежелден орын тепкен атамекен – Шығыс Еуропа жазығы. Осы аумақта орыстар солтүстік ұлыорыстар және оңтүстік ұлыорыстар болып бөлінеді. Бұл екі үлкен топтың әрқайсысынан өздерінің айрықша топтары жіктеліп шығады. Ежелгі орыс халқы ХІІ ғасырда әртүрлі шығыс славян тайпаларының бірігуі нәтижесінде қалыптасты. Х ғасырда Киев Русі шоқындырылғаннан кейін христиандық орыстар арасындағы кең таралған дінге айналды. Дәстүрлі орыс ерлер киімі қисық жағалы көйлек болып табылады, оның сыртынан әдетте белбеумен буған. Сонымен қатар кенеп шалбар киіп жүрген. Қыста қалың шұғадан немесе барынша дөрекі шұғадан тігілген жағасыз (шекпен) шапан (армяктар) жамылған. Шаруалардың көпшілігі шабатамен, мерекелерде етік киіп жүрген. Әдеттегі әйелдер киімі ұзын кенеп көйлек, оның жоғарғы жағын жемелекпен көмкерген. Суық мезгілде күртеше киген. Көне әйелдер бас киімі қарқара, кейіннен орамал мен шәлі салған. Орыстардың кеңінен таралған сыртқы киімі тон болып табылады. Кедейлер тон+ды қой немесе қоян терісінен тіксе, ауқатты адамдар – тиін немесе сусар терісінен әзірлеген. Ал байлар – бұлғын және түлкі терісінен тігілген тондар киген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *