Ойда жоқта, кездестің де, ойға салдың
ағаңды,
Бағам жоқта, арттырдың-ау бағамды?!
Ойда жоқта ғайып болсаң бір күні,
Іздеп қайдан табам-ды?
Алтайды емген, Арқа өсірген бір ағаң ем
саналы,
Білесің бе? Саналының бәрі түгел жаралы…
Кербұғыдай керім сезім селт етті,
Кездесті де Қарқаралы маралы.
Тау еркесі тауға қарар, тауға көңіл алаң-ды,
Тау бұлағы емдер бәлкім жарамды.
Кермиықтай қылығыңмен қиылып,
Жаулап алдың санамды.
Хат жазамын сағынышқа тоғытып ап
қаламды.
Сезімімдей ақ қар басты қаламды.
Мына әлем өзіңменен көрікті,
Сен деп сүйем ғаламды!
Ербол Бейілхан