Ай нұрланды, қарады,
Жұлдыз шоқтай жанады.
Күн қызарды, ұялды,
Мінгестіріп қиялды…
Періштедей ақ қанат,
Армандар ұшып барады…
Жүрек көзі жарқ етті,
Төбет-ойым манқ етті.
Қыран көкте санқ етті,
Қарға жерде қарқ етті…
Оқ атылып тасадан,
Аққу-сезім жалп етті…
Түлкі-өмір қашады,
Бөрі-ғұмыр басады,
Торғай қуып масаны,
Маса таппай тасаны,
Ажал-мерген қолында,
Мылтық алып тосады…
Ербол Бейілхан