Кемсеңдеп Баймағамбет көзін сүртті

Кемсеңдеп Баймағамбет көзін сүртті, –
Ендігі көрмегенім осы ма екен!
Жәңгір хан әлденені сезінді ме,
Жоқ әлде,
Бұл дүниеден безінді ме?!
– Бар! – деді, – Баймағамбет, –
Бұдан былай!
Көрмейін,
Естімейін сөзіңді де!
***
Көк аспанның жиегі
Түріп тастап іргесін.
Қара қошқыл,
Қып-қызыл,
Қанға бөгіп тұр бесін…
Айтыңдаршы?!
Апыр-ай,
Сұм дүние – жалғанда
Сұмдық болып жүрмесін.
Тебіреніп
Қара Жер,
Тұлан тұтып
Аспан тұр,
Бір бәлені білгесін!

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *