КЕЙКІ БАТЫР

Бастайын «бисмилла»деп сөздің басын,
Тағдырым таланыма кез қылғасын.
Жазайын ақиқаттың сиясымен,
Қаламға қоса құйып көздің жасын.
Саралап адамзаттың дос пен қасын,
Аралап туған дала тау мен тасын.
Даралап ерлігі мен еткен ісін,
Айтайын Кейкі батыр хикаясын.
Байын да, батырын да, өңгесін де,
Бөлмеген періштесін, пендесінде.
Тарихтың хатталмаған парақтары,
Ғасырдың қалып қойған көмбесінде.
Соларды айту маған болған міндет,
Сол үшін адам тегі өмір сүрмек…
Отырдым Кейіпкерге жаным ашып,
Оқушым айтпасын деп: «Мынау кім?!» деп.
Жүргендей ертегінің ішінде сен,
Болдың ба, тағы да оқы түсінбесең!
Оқушым, саған – шаттық, маған – бақыт,
Кейкінің кейпін беріп, мүсіндесем.
Аттамай ақиқаттың кермесінен,
Еледім Ер еңбегін Елге сіңген.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *