Кеудемде өшпес iз қалса,
Қалауы сол ғой жанымның.
Кездеспей жүрдiк бiз қанша,
Мен сонша сенi сағындым.
Қосылып салған бiр әннiң,
Қып-қысқа қайырмасындай.
Көруге сондай құмармын,
Бiр күнiм–бүкiл ғасырдай.
Ойландым, сосын өкiн дiм,
Айта алмай бәлкiм, өтермiн.
Мойындап ендi отырмын,
Мен сенi сүйген екенмiн!
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ