Қанатын қағып қомданып,
Алды да біраз желпініп.
Түстен кейін жайланып,
Қалды кенет жел тынып.
Ашылды аспан бұлтынан
Көрінді жайнап көк зеңгір.
Қар борамай, жел тынған
Дүние қандай мөп-мөлдір.
Сырбай Мәуленов
Почта: Ulagat.com@mail.ru