Уылжып бесігінде тілсіз бөбек

Уылжып бесігінде тілсіз бөбек,
Былдырлап үн қатады әлде не деп.
Жырлайды басында оның бесік жырын,
Табиғат – ана сәби жанды әлдилеп
Жүзінен бір майда леп нұр төгіліп,
Көзінен күнәсіз жан тұр көрініп.
Дүниенің жаңа келген жас қонағы,
Он төртте туған айдай төңкеріліп.
Айтарын айтпады-ау деп тілі шығып,
Сөзіне ынтығасың сонда тұрып:
Бірақ та жүрегіңмен қуанасың,
Көзінен жаудыраған жанын ұғып.
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *