ЖАУЫЗДЫҚ

 
Қішкентай ғана көгершін
Далада жатыр далиып.
Қара дақ етіп кеудесін,
Қалыпты қою қан ұйып.
Жұртта қалған кемпірге,
Болатын жалғыз ермек сол.
Жазықсыз құсты өлтірген,
Қатыгез неміс – жендет қол.
О, жауыз, неткен қатал ең,
Не жазды бұл құс сен үшін.
Қолыма түссең атар ем,
Сұрамай соттан келісім.
Япыр-ай, қайта ұшпай ма,
Өмірге еді бұл ынтық.
Дариға, менде күш қайда
Жіберер қайта тірілтіп?!
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *