ЕСІЛ

 
Кең далада көсіле,
Күркіреген Есілім.
Қонған жырдай төсіме
Есіл сенің есімің.
Есіңдеме еді жер балқып,
Ойнаған дауыл сол бір шақ.
Теңіздер көктен бұлт тартып,
Төгілген күннен от бұршақ.
Толқыныңнан бір жұтып,
Толғана сенен жол тарттым.
Саған да сонда тіл бітіп,
Тілеп ең жолын солдаттың.
Талма түстің шағында,
Төсіңнен соққан майда леп.
Бұрқанған от жалында
Мені іздеген қайда деп.
Айналып саған келдім мен,
Анамдай болып сен Есіл.
Аймалап қоңыр желіңмен
Қойныңды аштың көл-көсір.
Кәусарыңды сапырып,
Жайдары жаздың кешінде,
Ойнайын жардан атылып,
Толқының болып төсіңде
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *