ҚАП, ҚАЛАЙ?

 

Жастықтың беймаза күндері
Бастықты. Дауылы сиреді.
Басталды басқа өмір. Күйбеңі
Секілді құмырсқа илеуі.
Әттең-ай, әттең-ай, әттең-ай,
Тез өткен сонау бір шақ қалай?
– Қош, Жастық, – дегенде тұрдым мен
Құп-қу боп шүберек, мақтадай.
Әттең-ай, әттең-ай, әттең-ай,
Кенеттен сарғайған көк тоғай.
Көркіңнен көз жазып қалғанмын,
Қап, қалай, қап, қалай, қап, қалай?
1977 ж., 9 наурыз

Кеңшілік МЫРЗАБЕКОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *