ИСАТАЙ ХАН ОРДАСЫНАН КЕТКЕННЕН КЕЙІН МАХАМБЕТТІҢ ХАНҒА АЙТҚАНЫ

 
Алдияр тақсыр, ханымыз!
Исатай батыр кеткелі,
Кеміді біздің сәніміз.
Тілімді алсаң, тақсыр-ай!
Шайтанның мойнын жұлдырып,
Ордаңа қайтып алыңыз.
Арыстан еді-ау Исатай,
Не етесің, тақсыр, табалап.
Құрттайымда өсіп ем,
Бауырында паналап.
Алдымда асқар тау еді,
Соңына ерсем ағалап.
Әй, тақсыр-ау, әй, тақсыр,
Табаны жалпақ тарланбоз
Шабарында есінер.
Бір мінезі келгенде,
Жібектей жұмсақ есілер.
Жауда қалса жолдасы,
Мақтанады несіне ер?!
Тастан қатты тағдырың
Исатаймен шешілер.
Айтып, айтпай немене,
Қор болды-ау, қайран есіл ер
 
Махамбет Өтемісұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *