ЕДІЛДЕН ҰШҚАН АҚҚУДАЙ

Еділден ұшқан аққудай
Көшуші едік емініп,
Дарияның шалқар көліне.
Көлден кетілсек қонамыз,
Елсіз жердің шөліне.
Ішімді дерт қысқан соң,
Қарамай айттым көңіліңе,
Ақсүйек сұлтан, Бай-еке,
Әкім болған сен едің,
Алдыңа келіп арыз айтар,
Қас қарашың мен едім.
Іштегі толған шерімді,
Бір толғасам деп едім.
Алдыңа отырып, Бай-еке,
Арызымды айтып толғадым…
Іштегі түйін шешілді.
Айтып-айтпай немене,
Ер тілегі кесілді…
Мінгенде аттың тұяғы,
Таға салмай тесілді…
 
Махамбет Өтемісұлы
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *