«БОРАЙ ДА БОРАЙ ҚАР ЖАУСА» ӨЛЕҢІНІҢ ӘР ЖЫЛДАРДАҒЫ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ НҰСҚАЛАРЫ

 
1-нұсқа
 
Борай да борай қар жауса
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда –
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге,
Ту байласаң тұрар ма?
Ту түбіне тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмәрт оңар ма?
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайырылмай кеткен жігіттің,
Өзіне кәпір,
алғанын –
Талам деп айтсақ болар ма?
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге қол салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат,
Балдағынан қанға боялмай,
Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Үйде жатқан жігітке,
Төбеден тегін атақ болар ма?
 
Махамбет Өтемісұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *