Алайма, сұлтан, алайма

Алайма, сұлтан, алайма,
Астыма мінген арғымақ
Аяңдай түсіп марай ма?
Арғымақ дейтін жығылғыр
Найза бойы жар келсе,
Жабыдайын жалтаңдап,
Түсер жерін қарай ма?!
Арғымақ атқа алтыннан таға қақтырса,
Кілегей қатқан көкше мұз
Ол көкше мұздан таяр ма?!
Атаның ұлы асылға,
Малыңды бер де, басын қос,
Басыңа тарлық іс түссе,
Ол ардақтаған әділ жанын аяр ма?
 
Махамбет Өтемісұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *