Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан атты сайлап мінбен-ді!
Күлікке тастай болып тимесе,
Үстіме көбе сайлап кимен-ді!
Күмістен екі қолтық жоқ болса,
Сыпайшылық сүрмен-ді!
Алғаным ару болмаса,
Алдыма алып сүймен-ді!
Дулығамның төбесі
Туған айдай болмаса,
Батыршылық сүрмен-ді!
Жебелей жебе жүгірген
Ерлердің арғымақтан игі малы болар ма;
Жағаласса, жыртылмас,
Ерлердін жеңсізден игі тоны болар ма;
Дулығалы бас кескен
Ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма?!
Жапырағы жасыл жаутерек
Жайқалмағы желден-дүр,
Шалулығы белден-дүр,
Төренің кежігуі елден-дүр,
Байлардың мақтанбағы малдан-дүр,
Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр,
Кешу кешмек сайдан-дүр,
Батыр болмақ сойдан-дүр,
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі,
Ажалымыз қайдан-дүр
Арық хан!
Менім ием Темір іс етсе,
Айналаңды берік етер,
Жиған малың тәрік етер,
Атың, тоның бұлды етер,
Өз басыңды олжа етер.
Сенің емің қызыл шашпау ханларды
Қилы жүріп көргенмін,
Арбаға тайдай ителіп,
Алтынды Бақшасарай, Қырымға
Әзізленген сұлтан жаның шалт етер!
Көгерген көн сынулар жайқалса,
Жапырып, байлардан өзге қонар ма,
Жау жолықса жазыда
Ерлерді өлмей тонар ма,
Ерлер ерке сақтасып,
Арқасына ауыр намыс іс түссе,
Ғазизленген сұлтан жанын қара пұлға санар ма!
Шалкиіз Тіленшіұлы