Көре тұра құз барын құламалы, батылымыз

Көре тұра құз барын құламалы,
батылымыз
бармады бұдан әрі…
… Көлгірсуге – көңіл жүр дауаламай,
жолығуға жүзіміз шыдамады.
Араздықтан басқаға амал қалмай,
жүрміз енді тұйыққа қамалғандай.
Жүрексіне береміз жүздесуге,
арамызда алынбас қамал бардай.
Жүрегіміз жат бүгін,
жат үніміз,
жатсынбауға жетпеді батылымыз.
Қоштасқанша асығып бітіп едік,
Көрісуге зар болдық ақыры біз!
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *