Бұлдамастан ешкімге тірлігімді

Бұлдамастан ешкімге тірлігімді,
Бірге кешіп келемін нұрлы күнді,
Барсам дедім ұялмай ертеңдерге,
Қызықты да қия алмай бір бүгінгі…
Қуанам ба,
Қайғырып өкінем бе?
Жатса деумен бәрі де жетіп елге.
Келемін-ау әйтеуір ұсынып-ақ
Кіп-кішкентай жүректің отын емге!
Жақсымын ба жұрт үшін,
Жаманмын ба? –
Қызармауды ойладым ар алдында.
Ұялмауды ойладым ертеңдерден,
Қызықты да қия алмай қалар мұнда.
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *