Қимылсыз қалсаң жырақта

Қимылсыз қалсаң жырақта,
Айырмаң қайсы жай тастан.
Ат ойнап қайтса мұрат па,
Атойлап барған шайқастан.
Қызыл сөз деме, дос, енді,
Нық басар кезге келді рет.
Ду қылып жүріп осы елді,
Ту болып қалсақ желбіреп.
Осы ғой арман әрқашан,
От болып лаулап өтерміз.
Асылы бола алмасақ,
Жасығы болып не етерміз?…
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *