Шүкір, достар, жарлы емеспіз біз мінге,
Қанағат ғып келеміз ғой барды алып.
Жақсыларды жолатпаймыз тізгінге,
Жамандардан және тағы арланып.
Енді кімнен үйренеміз өнеге,
Ар бетіне қарай алмай көз бұғар.
Үндемеуге ұят шіркін көне ме,
Айтам деуге адам қайсы сөзді ұғар…
…Ал біреулер нысанасын туралап.
Сәкен Иманасов