«Шашың аппақ… әжім анау қаптаған,
Жиырма бестен жаңа асты деп кім сенер?»
Десе біреу, жауабым бар сақтаған,
Достар өзі ой жүгірте білсе егер.
Кебе тартып кеткен болса ерте өңім,
Қайғы-мұңның зардабы жоқ мұнда түк.
Азамат деп атамайды ел тегін,
Мың міндетке кете алмасаң шым батып.
Ұйқыны да ұмытты бір отты ойлар,
Жеті сағат, ренжіме текке сен.
Бекер өткен бір минутын жоқтайды ар,
Түннің өзін жұмыс күні етпесең.
Олай етпей ұстата ма келешек,
Едігісі…Ендігінің бәрі айқын:
Өз жасымнан көрінсем мен ересек, –
Уақыт жоқ айнаға да қарайтын.
Сәкен Иманасов