Сөзімізде болса мейлі жарқыл кем

Сөзімізде болса мейлі жарқыл кем,
Қызуы оның азаймасын қалайда.
Біздің уақыт тайбурылдық қарқынмен
Шаң қапқызып бара жатыр талайға.
Салқын ойды сақылдатып қайнатпай,
Үміт ету ерсі ерліктен бүгінде.
Астыңдағы ат мамағашқа байлатпай,
Делебесі қозып тұрсын дүбірге.
Ал, ағайын, осылай бір тартайық,
Өзіңе серт, нысанаңды ілмесең.
…Уәдесінен кетсе дос пен жар тайып,
Ер үстінен ұшып кетіп жүрме сен.
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *