Дос дегенің жаудан бетер табалап

Бірде шыны боп шығады былай да:
Дос дегенің жаудан бетер табалап,
Әлі де сенің салмағыңды сынай ма,
Ілестіріп кетеді-ау көп жаман ат.
Соған кейде іштей өзің ширығып,
Құрысын деп жеңіл-желпі көне дау.
Қыран болып қия көктен шүйлігіп,
Жамандарды жүн ғып кеткің келеді-ау…
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *