БҮРКІТIМ

Мұзды балақ қыран бүркіт

Жайлаған тау қиясын.

 Бұзса дұшпан долданатын,

 Бауыр басқан ұясын.

Қос қанатықарадауыл,

 Соқтыратын ашулы.

Қанып езер қастарына,

 Түсіретінжасынды.

II

Ұмтылды жау ұямызды

Бұзамын деп ойланып.

Шықтықжауға, қыран бүркіт

Тəрізденіп, долданып.

Күнге ұласқан қиямызға

Жаулар жетіп бараалмас.

Бауыр басқан ұямызға

Қанды шеңгел сала алмас.

 * * *

Сіздің жақта осы күні жазекен,

Біздің жақта қыс болып тұр, жан еркем.

Сəлем жолдап көшкен бұлттан отырмын,

 Бұлт жолын ақарашы өзің таңертең.

Майдан деген сапырылған қанекен,

Қиын-қиынқилы жолы бар екен.

Шыңқияда, шыңырау да келемін,

 Шын күт сеңтек, оралармын, жанеркем

Жауынгермін құшағымда

Керілген көк, кең дала.

Дауылды ермін, құшағымда,

 Еркін ескен жел ғана.

Жайнағанот, шарлаған оқ,

Қаулаған өрт айналам.

Көкірегімде лаулаған кек,

Бұрқ-сарқ етіп қайнаған.

Жерге болмас шек деседе,

 Жерге сыймас бұл кегім.

Аспанда шек жоқ деседе,

Сыйма соған жүрегім.

С. Мауленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *