Былай дейді құрдастарым өжет кей;
«Қамығасың осы саған не жетпей».
Оның жайын айту қиын, достарым,
Жүру одан қиынырақ сөз етпей.
Ендігісі? Ендігісі тіпті айқын:
Бір бейне бар көңілімнен шықпайтын.
Жүрегімде бір құпия қайғым бар,
Ғашық болып көрмегендер ұқпайтын…
Сәкен Иманасов