Ақын сені сүйді ме, қыз

Ақын сені сүйді ме, қыз.
Саспа онда.
Екі айтуды тағдыр оған жазбаған.
Оттай ыстық лебізіне мас бол да,
Өзің де бір от бола біл маздаған.
Қызыл көзді шабыт,
Жорық, Қия-шың,
Нажағайдың жарқылындай тамаша ән, –
Солар сыйған кеудеге сен сыясың.
Ақынды өзің сыйғызуға жарасаң.
Не істесе де істейді елді таң қылып,
Сөз болып па жаман жауы күндесе.
Қайғыртады – өліп қана мәңгілік,
Мәңгі өмірмен қуандыра білмесе..
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *