Әріптестерге арнау

    Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ театры-ның әртістері Төлеубек Көңбайұлының кішкентайы Ерқасым бір жасқа толғанда Баянғали ағаларынан өлең айтуын өтініпті. Сонда ақын біраз әртістің атын қосып:

Құдайым бақыт берсін Ерқасымға,

Кез қылмай ызғырық пен бұрқасынға,

Жайқалып бәйтеректей бойлап өссін,

Ормандай туған елдің ортасында.

Жүрісі Төлеубектей балпаң болсын,

Көңілі Сафуандай дархан болсын,

Қайрат пен Құмарбектей ойлы болып,

Айбектей шымыр, ширақ, тарпаң болсын,

 Мұратбектей ісіне мығым болып,

Мұраттар мен Ерландай маркаң болсын,

Аң атса арттан тиіп, алдан шығып,

Көңбай менен Сауандай қартаң болсын!

Жарастай сахнада сәнді болсын,

Ербайдай сөз ұғатын дәмді болсын,

Бағлан мен Бақытбектей көңілді боп,

Елтай менен Талғаттай әнді болсын,

Балдарың бәріңнің де өсіп-өніп,

Қызықты өмірлерің мәнді болсын!–деген екен.

                      Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *