Мейірбан әйелдер, ақ көңіл әйелдер,
Арайлы әйелдер, кең пейіл әйелдер.
Өздерін ойламас, жанын да аямас,
Біздерді уайымдап, біздерді аялар,
Мейір-махаббатын бізге жая алар,
Қадірлі әйелдер, әзіз әйелдер!
Құт-береке тасыйды үйге себеттеп,
Ризық-несібе әкелер қабат-қабаттап.
Нанды түйіп белбауға серік болсын деп,
Сапарға да шығарар бізді қуаттап,
Және күтіп алады бізді құттықтап,
Жаны ізгі әйелдер, шын қамқор әйелдер!
Әйелдер себепті, үйлер ырысты,
Әйелдер себепті, біздер бақытты.
Егерде оларды бір сәт көрмесек,
Дидарлар түнерген, көңілдер ынтық,
Сағынып қаламыз, жүректер ыстық,
Сүйкімді әйелдер, ардақты әйелдер.
Абдулла Рүстемов