Әділеттің ақ жолына ара түскен

Құдыретті Кеңес елі,
Күште тұрған кезінде,
Қиын еді қарсы келіп,
Уәж айту түзімге.
Ал, Мұхтардай ар-ұжданды азамат,
Бетке айтты бар шындықты,
Сол кезеңнің өзінде.
Кекірейген келімсектің қылығына күйінді,
Ел- арысын, ұлт-намысын таптағанға шүйілді.
Ұлы мақсат, ізгі мұрат жолында жан күйдіріп,
Желтоқсанның жаршысы боп,
Жас буынға сүйінді.
Ел басына күн туғанда,
Қол бастаған ерге сын.
Жат ұстаса тізігініңді,
Қабырғалы елге сын.
Әділеттің ақ жолына ара түскен арысым,
Өз елінде өзгелердің озбырлығын көргесін.
Жанға жайсыз жағымсыз жел терістіктен еседі,
Елдің іші келеңсіздеу күйді бастан кешеді.
Қиналса да қайсар ерім, қайтпай алған бетінен,
Небір ділгір мәселенің түйіндерін шешеді.
Ер мен ездің ныспы – тегі тар кезіңде білінді,
Ар-намысты азаматтар ел көзіне ілінді.
Желтоқсанды жігері жоқ, қуыс кеуде кімселер,
Бұл жастардың желігі деп көлгірсиді бүгінде!
Қуыс кеуде кімселермен ымырасыз алысты,
Жойқын-жасын жырларымен
жыр майданда сайысты.
Түркі тектес халықтардың болды үздік ақыны,
Жаңа ғасыр қарсаңында қолдан бермей намысты.
Эйнштейн, Нобель алтын медалінің иесі,
Шат-шадыман шаттығымыз Шахановқа тиесі.
Әлем сүйіп ардақтаған, арысыңды халқым-ау,
Жырға желеу етуіме келіп тұр ғой жүйесі.
Назарыңды сал, халқым-ау,
Кемел ойлы балаңа,
Ілуде бір туылатын дарыныңды бағала!
Ғибратты жырларымен жүректерге жол тапқан,
Сөз зергері, сүлейімді, ұлықтамай бола ма?!
 
Төребай СӘРСЕНБАЕВ,
Ташкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *